Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

Ел жастары Тұңғыш Президентке алғыстарын қалай білдіріп жатыр

2019 жылдың 22 наурыз 2019 03:06

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ел өңірлеріндегі жастар ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыстарын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Видеоүндеу жазған Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясының студенттері Елбасына қолдауларын үш тілде жеткізді.

«Еліміздің болашағы - барша жастардың атынан Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа шексіз алғыс білдіреміз», - деді олар.



Сондай-ақ Д.Қонаев атындағы Еуразия заң академиясының бір топ жастары Елбасыға ризашылықтарын білдіре отырып: «Еліміз аман, жұртымыз тыныш, болашағымыз жарқын болсын», - деген тілектерін жеткізді.



Ал ашық алаңға жиналған шымкенттік жастар сап түзе отырып, «Рахмет, Елбасы» сөзін құрастырып жазды.

Олар Шымкенттің бүгінгі шырайлы келбеті мен қаланың үшінші мегаполиске айналғаны үшін Н.Назарбаевқа рахмет айтты. «Шым қаланың барша жалындаған жастары атынан Сізге мың алғыс», - деді.



Сонымен бірге «Біз, Елбасымен біргеміз!» деген лебіздерін Алматы Экономика және статистика академиясының және Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің студенттері жеткізді.

Жоғары қарай