Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Ақтауда жаңа медициналық орталық ашылды

2019 жылдың 20 наурыз 2019 22:25

МАҢҒЫСТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтау қаласының Шығыс-2 шағын ауданында «SAFIIA» жаңа медициналық орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған орталық күніне 300-ден астам адамға қызмет көрсетуге қауқарлы. Сондай-ақ 30 мыңға жуық, Ақтау қаласының Шығыс-1,2,3 шағын аудандарының және 31,32,34,35 шағын аудандарының оған қоса Мұнайлы ауданының Басқұдық ауылының тұрғындарына қызмет көрсету мүмкіндігі бар.

Облыс әкімі өз сөзінде: «Сіздерді жаңа медициналық орталықтың ашылуымен құттықтаймын, бұл орталықтың ашылуы жақын орналасқан шағын аудандардың тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсетуге және қаланың мемлекеттік емханаларындағы жалпы практика дәрігерлеріне жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді»,-деп атап өтті.




null




null




null

Басты сөздер: Маңғыстау облысы, Медицина,
Жоғары қарай