Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 388.49
EUR 427.26
RUB 6.06
CNY 55.32

Зиялы қауым өкілдері: Қазақстан мәдениеті дамыған өркениетті елге айналды

2019 жылдың 20 наурыз 2019 00:41

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бір топ зиялы қауым өкілдері Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚР Президенті өкілеттігін тоқтатуға қатысты мәлімдемесіне пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Республикасының Президенті өкілеттігін тоқтатуыңыз туралы бүгінгі Сіздің үндеуіңізді қазақстандықтар, оның ішінде қазақ өнерінің қара шаңырағы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының ұжымы да толқи, ерекше тебіреніспен қабылдады. Сізге Тәуелсіз елдің алғашқы басшысы болу мәртебесі бұйырды. Өзіңіз жүргізген мемлекеттік сарабдал саясатыңыздың арқасында Қазақстан шын мәнісіндегі тәуелсіз де еркін, экономикасы мен мәдениеті дамыған өркениетті елге айналды, әлем қауымдастығынан лайықты орын алды», - делінген зиялы қауым өкілдерінің бірлескен мәлімдемесінде.

Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатыңыз - мәдени және рухани құндылықтарды жасауға, жаңғыртуға, қайта түлетуге, сақтауға, дамытуға, таратуға және пайдалануға бағытталғанын мақтанышпен айтуымызға болады. Тәуелсіздік жылдары ұлттық өнер, сахна өнері құлашын кеңге жайды. Өзіңіздің бастамаңызбен Республикада тәуелсіздік жылдары көптеген жаңа театрлар ашылды, талантты бірнеше жас буын өсіп шықты.

Пікір білдіргендердің арасында КСРО Халық әртісі Асанәлі Әшімов, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Сәбит Әбдіхалықов басаған бір топ мәдениет қайраткерлері бар.

Сондай-ақ, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева Президенттің үндеуіне пікір білдірді.

«Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әлемнің қазіргі тарихындағы кемеңгер тұлға. Байтақ еліміз, тұңғыш Президентіміздің басшылығымен әлем мойындаған, жаһанға аты жеткен мемлекетке айналды. Сонымен қатар, еліміздің экономикасын жақсартып, халқымыздың әл ауқатын көтерді», - дейді ол.

Жоғары қарай