Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 36 °С
валюта бағамы
USD 383.98
EUR 430.63
RUB 6.11
CNY 55.83

Елбасының өкілеттігін тоқтату туралы Жарлығы шықты

2019 жылдың 19 наурыз 2019 19:46 1220

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақорданың ресми сайтында Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін атқару туралы Жарлық жарияланды.

***

Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін атқару туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 42-бабының 3-тармағына сәйкес 2019 жылғы 20 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін атқаруды тоқтатамын.

2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 48-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігі қалған мерзімге Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасына Қазақстан халқына ант берген сәтінен бастап көшеді.

3. Қазақстан Республикасы Конституциясының 42-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің қызметіне кірісетін адамның Қазақстан халқына ант беру рәсімі Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясымен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында 2019 жылғы 20 наурызда 12 сағат 00 минутта өткізілсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған сәтінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

 

           Президенті                                                                      Н.Назарбаев

 

 

 

Астана, Ақорда, 2019 жылғы 19 наурыз

 

                   № 884

 

 

Басты сөздер: Қазақстан Президенті,
Жоғары қарай