Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
CNY 55.46

Маңғыстауда дәрігерлер бүлдіршіннің кеңірдегіне тұрып қалған тиынды алды

2019 жылдың 19 наурыз 2019 20:03

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бейнеу ауданында 2 жасар баланың кеңірдегінен 10 теңге тиын алынды, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

МО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі хабарлағандай, Бейнеу аудандық ауруханасының қабылдау бөліміне бүлдіршін жөтеліп, дем алысы қиындап түседі.

Қыз бала тыныс ала алмайды. Дәрігерлер рентгенге түсіріп, оның тиынды жұтып қойғанын анықтады.

«Бейнеу аудандық ауруханасының дәрігерлері облыстық бөлімге жібермей, өздері «Катетер Фолеяны» қолданып, тиынды кеңірдегінен шығаруға шешім қабылдайды. Директордың айтуынша, ол бұл әдісті испандық дәрігерлерден үйренген. Қазір бүлдіршіннің жағдайы жақсы»,- деп хабарлады баспасөз қызметі.




null

Жоғары қарай