Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 36 °С
валюта бағамы
USD 383.98
EUR 430.63
RUB 6.11
CNY 55.83

Қазақстанның екі өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2019 жылдың 18 наурыз 2019 18:52 815

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркістан және Қызылорда облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат  -«Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

19 наурызда таңертең және күндіз Түркістан облысында найзағай ойнап, кей жерлерде оңтүстік-батыстан жел соғады. Оның жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 25 м/с-ке дейін жетеді.

Шымкентте 19 наурыз таңертең және күндіз күн күркіреп,  жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 25 м/с болатын оңтүстік-батыс желі еседі.

19-21 наурызда Қызылорда облысының кей жерлеріне тұман түсіп, солтүстік-шығыс, шығыс бағыттан жылдамдығы 15-20 м/с, 19 наурызда екпіні 25 м/ст   жел соғады. 

 

 

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай