Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 412.10
EUR 454.34
RUB 5.82
CNY 57.62

Өзбекстанда қазақстандық тауарлар көрсетілді

2019 жылдың 16 наурыз 2019 22:03

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Бірінші Орталық Азия экономикалық форум аясында Ташкентте Қазақстан тауарларының көрмесі өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Өзбекстандағы меншікті тілшісі.

Көрмеге Қазақстаннан барған 60-тан астам компания қатысты. Олардың қатарында: машина жасау, құрылыс, азық-түлік салалары, сондай-ақ, химия және фармоцевтика салаларындағы кәсіпорындар бар.

«Біз алдағы уақытта ауқымды экспорттық келісімдер жасасуға әлеуетті қазақстандық кәсіпорындар арасында іріктеу жасадық. Басым секторлар - тамақ, химия және фармацевтика салалары», - деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі экспортты ілгерлету басқармасының басшысы Өмірбек Баштай.

Көрмеге сондай-ақ, Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан премьер-министрлерінің орынбасарлары қатысты. Онда Қазақстан мен Өзбекстанның тауар өндірушілері өз өнімдерін көрсетті.

Еске сала кетсек, Орталық Азияның алғашқы экономикалық форумы Орталық Азия елдерінің премьер-министрлері орынбасарларының қатысуымен 15 наурызда Ташкентте өтті.

Жоғары қарай