Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 36 °С
валюта бағамы
USD 383.98
EUR 430.63
RUB 6.11
CNY 55.83

Футбол: «Тобыл» тараздықтарды ұтты

2019 жылдың 15 наурыз 2019 21:22 1106

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайлықтар ел чемпионатының екінші турында Тараздың өзі аттас командасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төреші Московченконың пәрмені берілген соң, қостанайлықтар жылдам гол соғу жоспарын орындауға көшті. Шабуылшылар бірінші таймның орта шегіне жақындағанда дегендеріне жетті. Азат Нұрғалиев он бір метрлік айып добынан соң чемпионаттағы үшінші голын соқты. 

Голдар легі екінші таймда жалғасты. Алаңға тыңнан қосылған Михаил Гордейчук екі бірдей голдың авторы атанды. «Тараз» жігіттері пенальтиден есеп айырмасын бір голға қысқарта алды. Көзге түскен Лобжанидзе.


Ойын нүктесін Бауыржан Тұрысбек қойды. Ол қорғаушылардың қателігін сәтті пайдаланды. 4:1!
Енді «Тобыл» 31 наурыз күні қарағандылық «Шахтермен» ойнайды.

 

 

Жоғары қарай