Ауа райы
Астана 29 °С
Алматы 36 °С
валюта бағамы
USD 383.98
EUR 430.63
RUB 6.11
CNY 55.83

Жаңаөзенде биыл 5 мың жұмыс орны ашылады

2019 жылдың 15 наурыз 2019 20:57 1523

ЖАҢАӨЗЕН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған жұмыс тобы Жаңаөзендегі жұмыспен қамту орталығына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірінші вице-премьер орталықтағы қызметкерлермен кездесіп, орталық жұмыс тіршілігімен танысты.

Алдын ала белгілі болғандай, 1 шілдеден бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 30%-ға дейін көтеріледі. Бұл бағытта Маңғыстау облысы бойынша 27 мыңнан астам адам қамтылмақ.


null 

null 

null 

Орталық басшыларының айтуынша, жыл соңына дейін 5 мың жұмыс орны ашылады. Қазір өндіріс орындарымен және түрлі мекемелермен келіссөз жүріп жатыр.

Сондай-ақ, Үкімет мүшелері «Жанарыс» тігін фабрикасына барып, жұмысшылардың жағдайымен танысып, Елбасы тапсырмаларын орындау тетіктерін түсіндірді.


null 

Халықтың жағдайы - басты назарда деген Гүлшара Әбдіхалықова, қаладағы көпбалалы отбасыларға да барды.


null 

Тұрмысы төмен жанұяларға тоңазытқыш пен сөмке толы жеміс-жидек табыстады.

«2019 жылғы 1 шілдеден бастап мүгедектігі бар балаларға және 18 жастан асқан бала кезінен бастап бірінші топтағы мүгедектерге күтім көрсету бойынша мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 30%-ға артады. Нәтижесінде жәрдемақылардың мөлшері 41 578 теңгеге дейін өседі. Маңғыстауда бұл жәрдемақыны 5 мыңға жуық адам алмақ», - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев.


null 

Әр отбасымен жеке тілдескен вице-премьер оларға жұмысқа орналасу,  баспаналы болудың жолдарын түсіндірді.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған Үкімет мүшелері Маңғыстау облысына келгендігін хабарлаған болатынбыз.

 

Жоғары қарай