Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Күләш Шәмшидинова: Мектептегі балалар тәрбиесіне ата-аналар атсалысуы керек

2019 жылдың 15 наурыз 2019 20:09

ЖАҢАӨЗЕН. ҚазАқпарат - Өңірге іс-сапармен келген ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова Жаңаөзендегі мектеп оқушыларымен кездесті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күләш Шәмшидинова Жаңаөзен мектеп-гимназиясындағы оқушылармен тілдесіп, олармен еркін сұxбат құрды.

«Ата-ананың міндетін ата-ана, мұғалімнің міндетін мұғалім ғана атқара алады. Мектептегі балалар тәрбиесіне ата-аналар атсалысуы керек. Ұстаздарға артып қойып, қарап отыруға болмайды. Балалар тәрбиесін екі жақтап атқаруға шақырамын», - Білім министрі.

Оның айтуынша, 2009 жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы кезең-кезеңмен өсіп келеді. Мәселен, 2011 жылы - 30%-ға, 2014 жылы - 10%-ға, ал 2016 жылы 29%-ға өсті. Бұл процесс жалғасып жатыр.

«Қазір 15 жылдық жұмыс тәжірибесі бар 1-санаттағы мұғалімнің жалақысы толық 18 сағаттық жүктемемен қалалық жерлерде 147 мың теңгеге, ауылда 180 мыңға дейін жетеді. Біз мұғалімге бірдей жоғары талаптар қоямыз, өйткені, біз білім беру сапасына қол жеткіземіз. Осыған байланысты республикада 144 мың мұғалім қайта даярлау курстарын өтеді. Сондай-ақ, 82 мың психолог пен сынып мұғалімдері оқытылады», - деді Күләш Шәмшидинова.

Бас ұстаз қаладағы гимназия мектебінде ұстаздармен кездесіп, сабаққа қатысты. Осыдан 18 жыл бұрын ашылған білім ордасында 965 оқушы білім алуда.

Айта кетейік, Тәуелсіздік алғаннан бері Маңғыстауда 55 мектеп салынған. Алдағы үш жылда тағы 8 мектеп ашылмақ.

Еске салсақ, бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған Үкімет мүшелері Маңғыстау облысына келгендігін хабарлаған болатынбыз.

Жоғары қарай