Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 385.76
EUR 427.89
RUB 6.04
CNY 54.79

Пара беруге мәжбүр болған кәсіпкерлер саны артқан

2019 жылдың 15 наурыз 2019 17:32

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда параның орташа көлемі 3 есе артқан. Бұл туралы Стратегиялық бастамалар орталығының директоры Бақытжан Саркеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Форум барысында ол 2018 еліміздегі жемқорлыққа жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижесін жария етті. Сауалнама Қазақстанның 14 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы 4100 бизнес субъектісінен алынған жауаптар негізінде түзілген.

«Егер сауалнама қорытындысы жайындаайтар болса, жемқорлыққа тап болған кәсіпкерлердің саны 2017 жылмен салыстырғанда 23 пайызға кеміген. Пара беруге мәжбүр болған кәсіпкерлер саны артқан. Себебі олар проблемаларын шешудің басқа жолын таппаған. Респонденттердің пайымынша, жемқорлық мәмілелерге 49 пайыз жағдайда кәсіпкердің өзі бастамашылық жасайды. Яғни, 49 пайыз жағдайда кәсіпкер онсыз да тегін көрсетілетін қызметке ақы төлейді», - деді ол бүгін Кәсіпкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылы жөніндегі ІІІ республикалық форумда.

Осы орайда, орталық директоры берілетін параның орташа көлемі соңғы 2 жылда айтарлықтай ұлғая түскендігін баса айтты.

«Ең қызығы параның орташа көлемі қылмыстық жауапкершілікке тартылу тәуекелінің артуына байланысты 2016 жылғы 61 мың теңгеден 2018 жылы 193 теңгеге дейін, яғни, 3,2 есеге өсіп отыр»,- деді Б.Саркеев.

Жоғары қарай