Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 386.19
EUR 427.71
RUB 6.07
CNY 54.87

Апатқа ұшыраған Boeing 737 MAX 8 ұшағының соңғы секундтардағы жазбасы табылды

2019 жылдың 12 наурыз 2019 19:33

АСТАНА. ҚазАқпарат - Эфиопиядағы Boeing 737 MAX 8 ұшағы апатқа ұшыраған жерден әуе кемесінің соңғы секундтардағы ұшуы түсірілген ұялы телефон табылды. Бұл жайлы 12 наурыз күні Anadolu агенттігі хабарлады.

Қайғылы оқиғаның тергеу істерімен айналысушы мамандар түсірілген видеожазбаның жан түршігерлік екенін атап өтті. Дегенмен, әзірге оның апат себептерін анықтауға көмектесетіні белгісіз.

Еске ала кетсек, 10 наурыз күні Ethiopian Airlines әуе компаниясының Аддис-Абебадан (Эфиопия) Найробиге (Кения) бағыт алғанн Boeing 737 MAX ұшағы апатқа ұшырады. Бортында болғандардың барлығы (157 адам, 35 елдің тұрғыны) қаза тапты.

Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай