Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Қазақстан мен Иран дипломатиялық қатынасына 27 жыл: Тарихи суреттер Ұлттық музейге қойылды

2019 жылдың 12 наурыз 2019 18:42

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық музейінде Иран Ислам Республикасы мен Қазақстан Республикасы дипломатиялық қарым-қатынасының 27 жылдығына арналған фотокөрме ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фотокөрме Иранның ИРНА ақпараттық агенттігі мен ҚазАқпарат халықаралық ақпарат агенгттігінің әріптестігімен және ҚР Ұлттық музейінің қолдауымен ұйымдастырылған. Оны 2019 жылдың 12-15 наурызында ҚР Ұлттық музейінде тамашалауға болады.

«1992 жылдың 29 қаңтарында Иран Ислам Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасында дипломатиялық байланыстың орнауы - шын мәнінде көптеген ғасырлар бойы ирандықтар мен қазақтар арасында болған қарым-қатынасты қайта жаңғырту. Яғни, екі ел арасындағы дипломатиялық байланыстың орнауы - ежелден келе жатқан, тек кейбір кезеңдерде бәсеңдеп қалған байырғы байланыстарды қайта жаңғырту десек те болады. 1990 жылы Кеңес республикаларында басталған өзгерістермен бірге, осы байланысты қалпына келтіруге мүмкіндік туды. 1990 жылдың қараша айында Қазақстан тәуелсіздігі жарияланбай тұрып, Иранның сол кездегі Сыртқы істер министрі Алматыға сапармен барып, Қазақстан билігімен кездесуде Иранның Қазақстан тәуелсіздігін ресми тану ниетін жеткізді. 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялаған соң Иран Ислам Республикасы ел тәуелсіздігін ресми танып, Алматы қаласында өз елшілігін ашты», - деді Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Маджид Самадзаде Сабер фотокөрменің ашылу салтанатында.



null

Елші фотокөрмеде екі елдің қарым-қатынасының маңызды оқиғалары қамтылғанын және Қазақстан мен Иран дипломатиясының 27 жылдық тарихының көрнекті дерекнамасы екенін жеткізді.

«Көрме Қазақстан мен Иран Ислам Республикасының тығыз қарым-қатынасының бір көрінісі. Иран Ислам Республикасы еліміздің тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мемлекеттердің бірі болып саналады. Қазақтар да XVIII-XIX ғасырда бірнеше тіл білген, түрік, орыс, парсы, араб тілдерін жетік меңгерген. Сондықтан, парсы мәдениеті қазақтарға таңсық емес. Осы көрмені ұйымдастырған елші мырзаға және ақпарат агенттіктеріне алғыс айтамын», - деді ҚР Ұлттық музейі директорының міндетін атқарушы Алмас Нұразхан.



null


null




null

Өз кезегінде «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің бас директоры Асқар Умаров 27 жыл ішінде Иран мен Қазақстан қарым-қатынасының күшейгенін атап өтті.

«Әсіресе, экономика, мәдениет, ақпарат жағынан Қазақстан мен Иран қарым-қатынасы күшейіп келеді. Мысалы, 2017 жылы ҚазАқпарат халықаралық ақпарат агенттігі Иранның ИРНА ақпарат агенттігімен меморандумға қол қойып, серіктес ретінде жұмыс істеп келеді. Қазіргі кезде ИРНА агенттігі ҚазАқпарат арқылы Қазақстан туралы ақпараттар мен суреттерді, видеоларды Иран халқына таратып жатыр», - деді Асқар Умаров.



null

Айта кетейік, биыл Иран мен Қазақстан арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 27 жыл толды.

Сондай-ақ, биыл Иран Ислам Республикасы ислам революциясының 40 жылдығын атап өтуде. 1979 жылы аталған мемлекет өзін Ислам Республикасы деп жариялаған болатын.



null


null




null


null




null



null


null


null

Жоғары қарай