Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

300-ге жуық қазақстандық бір тәуліктен бері Таиландтан елге жете алмай отыр

2019 жылдың 12 наурыз 2019 17:11

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «СКАТ» әуе компаниясының Утапао - Астана рейсінің ұшағы бір тәуліктен бері техникалық ақау кесірінен ұшып шыға алмай отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Утапао - Астана бағытындағы «СКАТ» әуе компаниясының VSV465 рейсі 11 наурыз күні 17:00-де ұшып шығуы тиіс болатын.

«Бұл рейс техникалық себептерге байланысты орындалмайды. 283 жолаушыға туроператорлар ыстық тамақ ұсынып, қонақ үйге орналастыру туралы ұсыныс айтты», - дейді ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

«СКАТ» әуе компаниясы ұшақтың ақауы жөнделіп, ұшуға дайын екенін хабарлады.

«Таиланд әуежайында ұшу алдындағы дайындық кезінде қосымша техникалық тексеруге қажеттілік туды. Техникалық тексеріс барысында барлық туристерге қонақ үйге орналасу жөнінде ұсыныс берілді. Қазір ұшақ ұшуға дайын. Жолаушылар тіркеуден өтіп жатыр. Бір сағат көлемінде ұшып кетеді. Өтемақы мәселесіне қатысты турпакет алынған турагенттікке хабарласуға болады»,- деді әуе компаниясынан.

Сонымен қатар, Алматы - Пхукет бағытындағы рейс те осы себеппен кестесінен жаңылды.

«Ұшақтар уақыт бойынша тізбектелген. Алматы рейсі де сол үшін кешігіп жатыр. Ұшу уақыты анықталып жатыр», - деді «СКАТ» компаниясының өкілдері.

Жоғары қарай