Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 384.39
EUR 431.71
RUB 6.11
CNY 55.88

Астанада 9 мыңға тарта құдыққа «ұстағыш торлар» орнатылды

2019 жылдың 11 наурыз 2019 20:56 963

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Астанада 9 мыңға тарта құдыққа «ұстағыш торлар» орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Астана әкімі Бақыт Сұлтановтың тапсырмасы бойынша қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында қала әкімшілігі мен коммуналдық қызметтер құдықтарға «ұстағыш торларды» орнатып жатыр.

«Бүгінгі таңда Астанада 101 мыңнан астам құдық бар.  Оның 9 мыңға жуығына осындай торлар орнатылған. Полиция департаменті темір-терсек қабылдайтын орындарды тексерді. Нәтижесінде 118 металл қабылдау орнының 46-сының қызметі тоқтатылды», - деп мәлімдеді Астана әкімінің орынбасары Арман Тұрлыбек әкімдікте өткен отырыста.

Ол осы бағыттағы жұмыстардың жалғасатындығын алға тартып, мәселенің ерекше бақылауда тұрғандығын мәлімдеді.

Арман Тұрлыбектің айтуынша, қаладағы тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының барлығы қазіргі таңда штаттық режімде жұмыс істеуде. Электр қуатымен, сумен жабдықтау кезінде болған ажыратуларды қаланың коммуналдық мекемелері уақытында жойған.

Бұдан бөлек, елорда әкімінің орынбасары қаланы қардан тазарту шараларының барысы туралы айтып берді.

«Қарды тазалау жұмыстары жалғасып жатыр. Алайда аудандық әкімдіктер бүгінгі таңда мердігерлік компанияларды толығымен анықтамаған. Бұл өз кезегінде қар тазалаудың жылдамдығына әсер етеді. Бұл жалпы су тасқыны жағдайына теріс әсер етуі мүмкін», - деді ол.

Осы ретте ол Б. Сұлтановтан аудан әкімдеріне заңнамаға сәйкес тендерлік процедураларды жүргізуге және қала аумағынан қарды шығару бойынша жедел жұмысты жүзеге асыруға қатысты тапсырма беруін сұрады.



null 

 

Жоғары қарай