Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

БҚО өзендерінде мұз қабаты әлсіреп, су деңгейі көтерілуі ықтимал

2019 жылдың 9 наурыз 2019 23:51

ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша 10-13 наурыз күндері өңірде қар қатты ерімек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыста күннің жылынуы мен жауын-шашынның түсуіне байланысты ағын су көбейеді.

Өзендерде мұз қабаты әлсіреп, су деңгейі көтерілуі ықтимал.

Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялады.

Төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті күш-құралдар дайындыққа келтіріліп, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Биыл өңірде қардың шамадан тыс көп түсуіне байланысты бірнеше аудан мен Орал қаласында су басу қаупі бар аумақтар анықталып, алдын алу шаралары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын облыста тұман түсіп, көктайғақ болатыны жөнінде ескерту жарияланғанын жазған болатынбыз.

Жоғары қарай