Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 384.06
EUR 429.19
RUB 6.08
CNY 55.83

Атырауда Жайық өзенін балық өлекселерінен тазартып жатыр

2019 жылдың 8 наурыз 2019 18:24 1324

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Мұзы ери бастаған соң Жайық өзенін қырылған балықтардан тазартау жұмыстары күшейе түсті. Осы іске күн сайын ондаған адам жұмылдырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Еске сала кетейік, өткен жылдың желтоқсанында Атырауда балық қырылған болатын.

Сол кезде балық өлекселерінің бір бөлігі сол кезде жиналған, қалғанын өзенде мұз қатуына байланысты жинап алудың мүмкіндігі болмап еді.
«Балық өлекселерін жинау үшін балық шаруашылығы басқармасының, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының «Арнайы автобаза» қызметкерлері жұмылдырылды. Тазарту жұмыстары Жайықтың жағалау маңы бөлігінде, қала аумағында, Геолог, Атырау, Дамба ауылдық округтерінің аумағында жүргізілуде. Сонымен қатар балық аулайтын «Амангелді» ЖШС кооперативінің кемесі өзеннің мұзын жарып жатыр. Алдағы уақытта табиғатты пайдаланатын кәсіпорындардың өзендерде жүретін көліктерін қолдана отырып, өзеннің бүкіл аумағындағы балық өлекселерін жинаймыз», - дейді Атырау облыстық балық шаруашылығының басшысы Артур Сәдібекұлы.


null
Оның айтуынша, жиналған балық өлекселерінің барлығы «Арнайы авто база» ЖШС аумағында жойылады. Әрі өңірдің балық қорына келген залал айқындалады.





Жайық өзенінде балықтардың жаппай қырылуына байланысты екі қылмыстық іс қозғалды. Қазір осы апатқа кінәлілердің анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер мен ветеринарлар балық өнімдері сатылатын орындарды қадағалап отыр, ал экологтар күн сайын Жайықтан сынамалар алып тексеруде. Әзірге тұрғындар арасында улану жағдайлары тіркелген жоқ.


Басты сөздер: Экология, Атырау облысы,
Жоғары қарай