Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 387.16
EUR 428.47
RUB 6.08
CNY 55.13

Головкин IBF рейтингінің үздік ондығына кірмей қалды

2019 жылдың 8 наурыз 2019 17:57

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық бокс федерациясы (IBF) боксшылардың ай сайынғы рейтингінің жаңа нұсқасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин 11-орында қалды. Қазіргі чемпион америкалық Дэниэл Джейкобс болғанмен рейтингтің бірінші орны бос тұр, кейінгі орындарда эквадор-неміс боксшысы Джек Кулкай мен украиналық Сергей Деревянченко тұр.

Осы ұйым аясында жартылай орта салмақ санатында өнер көрсетіп жүрген Бахтияр Эюбов бір саты жоғарылап, 13-орынға тұрақтады.

Еске сала кетейік, 15 ақпан күні Бахтияр Малвэйнде (Канзас штаты, АҚШ) өткен жекпе-жегінде мексикалық Хосе Луис Родригеспен тең түскен болатын.

Басты сөздер: Спорт, Бокс, Қоғам,
Жоғары қарай