Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Атырау әкімі нәзік жандарды Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады

2019 жылдың 8 наурыз 2019 15:44

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының әкімі мемлекеттік қызметтегі әйелдер қауымын мерекемен құттықтады. Мерекелік дастарxанға 300-ге жуық нәзік жандар қатысты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шарада сөз алған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев барша қыз- келіншектерге алғысын айтты.

«Баршаңызды төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын! Отбасыларыңыздағы жылулықтың сарқылмауын тілеймін. Мереке құтты болсын! Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев елдің алдына әлеуметтік сала бойынша ауқымды міндеттер қойып отыр. Соның ішінде әсіресе ана мен бала мәселесіне ерекше назара аударып отыр. Жақында болған «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде атқарушы билік өкілдеріне, мекеме басшыларына ана мен балаға, көпбалалы аналарға жағдай жасау жөнінде нақты тапсырмалар берді. Қазіргі таңда үкімет іс-шаралар жоспарын жасақтап жатыр. Мен өз атымнан осы отырған аналарға, қыз-келіншектерге, ризашылығымды білдіргім келеді. Сіздер бүгінге дейін ұрпақ сабақтастығы деген ұғымды берік ұстанып келесіздер. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін»,- деді әкім.



null

Мерекелік шарада облыстың дамуына үлес қосқан 20-дан аса қызметкер облыс әкімінің алғыс xатымен марапатталды. 3 анаға Алтын алқа, 4 анаға күміс Алқа төсбелгісі табысталды.

Шара өнер жұлдыздарының мерекелік концертіне ұласты.




null


null


null

Автор Абай Абылайұлы
Басты сөздер: Қоғам, Атырау облысы,
Жоғары қарай