Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Степногорда тұрғын үйдегі өртте 35 адам эвакуацияланды

2019 жылдың 7 наурыз 2019 22:32

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Степногор қаласында көпқабатты тұрғын үй өртеніп, 35 адам қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметі бойынша, оқиға наурыздың 7-де орын алды. Өрт көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерлердің бірінен шығыпты.
«Өрт кезінде аталмыш пәтерде 3 бала болған. Абырой болғанда түтіннің иісін сезген көршілері балаларды құтқарып, 101 телефон нөміріне хабарласқан. Жалын 30 шаршы метр аумақты шарпыды. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер көрші пәтердегі өздігінен жүре алмайтын 3 әйелді құтқарды. Жалпы, түттінің жайылуына байланысты сол маңдағы пәтерлерде тұратын барлығы 35 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі мен келтірілген материалдық шығын көлемі анықталып жатыр», - деді Ақмола облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Динара Есенбаева.






Жоғары қарай