«Барыс» капитаны ҚХЛ плей-офф сұрмергендері тізімінде көш бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың «Барыс» хоккей клубының капитаны Брэндон Боченски ҚХЛ плей-офф сұрмергендері тізімінде көш бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Ресейдің «Торпедосына» қарсы серияның бесінші матчында (3:1) 36 жастағы спортшы «Барыстың» екінші шайбасын соқты. Осылайша, Боченски 9 ұпай (3+6) жинап, өзге қарсыластарын басып озды. Айта кетейік, Қазақстан клубының капитаны ассистенттер тізімінде де көш бастап тұр.
«Барыстың» тағы бір форварды Мэттью Фрэттин 7 ұпай (5+2) жинап, үздіктер бестігінен көрінді. Бес нәтижелі пас берген Кертис Волк ассистенттер тізімінде Боченскидің ізін қуып келеді.