Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
CNY 55.46

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі: Картоп - екiншi нанымыз

2019 жылдың 7 наурыз 2019 22:44

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде картоп шаруашылығын дамыту мәселесi талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

СҚО әкімдігінің ресми сайтында хабарланғандай, былтыр облыста картоп 37,4 мың гектар аумаққа егiлдi.

«588 мың тонна өнiм жиналды. 2019 жылы картоп алқаптары былтырғы жылдың көлемiнде қалады. Бұл саладағы жүйелi жұмыс өз жемiсiн бердi: өңiр тұрғындары картопты арзан бағамен сатып алуда. Ең бастысы осы», - дейдi СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов.

«Жуырда Солтүстiк Қазақстан облысында картоп алқаптары ұлғайғасын, баға құлдырап кеттi деген ақпарат шықты. Осылай болса, онда дұрыс бағыт таңдадық. Бiз картоп өндiрiсiн ұлғайтып, бағаны ұстап қалдық. Ең бастысы базарларда картоп қол жетiмдi бағамен сатылуда. Өйткенi, картоп бiздiң екiншi нанымыз. Бағаны ұстап тұрамыз. Картоп алқаптарын өзгертпеймiз, қажет болса одан сайын ұлғайтамыз», - дедi Құмар Ақсақалов.




null

Жоғары қарай