Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 389.94
EUR 433.50
RUB 6.10
CNY 55.13

Ақтөбелік бүлдіршіннің анасы 4 жылдан кейін Астанадан табылды

2019 жылдың 4 наурыз 2019 21:46

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 5 жасар Әсемгүл Оразымбеттің туған ата-анасы табылды. Анасы оны 4 жыл бұрын бала күтушісіне тастап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Білім басқармасының мәліметінше, 2015 жылдың тамыз айында анасы 1 жасар қызын бала күтушісі Мариана Фотексаға қалдырып кеткен. Осы уақытқа дейін бала бөтеннің тәрбиесінде болды. Алғашында бала күтушісі болып, кейін баланы алып қалған Мариана Фотекса тұрмыста, 3 ұл тәрбиелеп отыр.

«Қыздың ата-анасы Астанада тұрады екен. Ақтөбе қалалық білім бөлімі Астана қаласының Алматы аудандық білім бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық органына сұраныс жолдады. Телефон арқылы сөйлесу барысында әйел төрт жыл бұрын отбасы жағдайына байланысты қызын күтушіге қалдыруға мәжбүр болғанын айтты. Қыздың әкесі де Астанада тұрады. Әсел Пірманова осы аптаның ішінде баланы отбасына алып кететінін жеткізді», - деп хабарлады облыстық Білім басқармасынан.

Айта кетейік, қазір Әсемгүл Оразымбет «Аяла» балаларды қолдау орталығына уақытша орналастырылды. Онымен психологтар жұмыс істеп жатыр.

Жоғары қарай