Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

Теннис: Александр Бублик Франциядағы турнирдің жеңімпазы атанды

2019 жылдың 3 наурыз 2019 22:40 1058

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Қазақстандық теннисші, 21 жасар Александр Бублик Франциядағы Рау челленджер турнирінің финалында словакиялық Норберт Гомбошпен бас жүлде үшін таласты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші дүниежүзілік рейтингте 153-орында болса, одан тәжірибесі көбірек, 1990 жылғы қарсыласы 264-сатыда еді.

Тартысты өрбіген бірінші партия барысында есеп 5:5 болған мезетте словакиялық теннисші брейк жасап, алға шықты. Содан кейін сетке доп бергенде де қателескен жоқ - 7:5. Алғашқы сетте А.Бублик төрт бірдей брейк-пойнтты пайдалана алмаса, қарсыласы соның бірін мүлт жібермеді. Эйс жөнінен қазақстандық спортшы алда болды - 6:1.

Екінші партияда алтыншы геймде Н.Гомбош доп бергенде, қателікке бой алдырып, соның нәтижесінде А.Бублик брейкпен алға шықты - 4:2. Эйс санын 13-ке жеткізген ол осы басымдылықты уысынан шығарған жоқ - 6:3.

Үшінші, шешуші сетте жетінші геймде брейк жасаған Александр алға шықты - 4:3. Қазақстандық теннисші матчты тағы бір брейкпен бітірді - 6:3.

Нағыз финалға тән тартысты бәсеке 1 сағат 46 минутқа созылды.

Осылайша А.Бублик Рау турнирінің жеңімпазы атанды. Бұл  оның спорттық жолындағы челленджер жарыстарындағы тоғызыншы чемпиондық атағы еді.

Еске сала кетейік, биыл қазақстандық теннисші Будапешт турнирінің жеңімпазы атанған болатын.  

Тағы бір қазақстандық теннисші Зарина Дияс Индиан-Уэллстегі челленджер турнирін сәтті бастап, ширек, жартылай финалына дейін жеткенімен, финалға шыға алмады.

 

 

 

 

 

 

 

Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай