Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

«Астана» футбол командасы Қазақстан суперкубогының иегері атанды

2019 жылдың 3 наурыз 2019 17:26

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық команда 2019 жылғы футболдан ел суперкубогының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Qazsport» телеарнасына сілтеме жасап.

«Елордалық «Астана» футбол клубы 2019 жылғы Қазақстан суперкубогының жеңімпазы атанды. 2018 жылғы премьер-лига чемпиондары Алматының Орталық стадионында Қазақстан Кубогының иегері «Қайрат» командасынан басым түсті», - деп жазылған «Qazsport» телеарнасының Фейсбук парақшасында.

Ойында астаналықтар сапынан Джуниор Кабанага дубль авторы атанып, командаға жеңіс сыйлады.

Айта кетсек, «Астана» футбол клубы осымен екінші рет қатарынан суперкубок иегері атанып отыр. Бұған дейін елордалық клуб 2010, 2014 және 2017 жылдары жеңімпаз атанған еді.

Ал, алматылық «Қайрат» өз тарихында екі рет (2015 және 2016 жылдары) чемпион болды.

Автор Әли Ибраев
Басты сөздер: Спорт, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай