Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

Қарулы Күштерде «Әскери барлау үздіктері» байқауына іріктеу жүріп жатыр

2019 жылдың 2 наурыз 2019 14:04 1242

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Батыс» өңірлік қолбасшылығының «Қарабатан» оқу-жаттығу полигонында Армиялық халықаралық ойындар - 2019 бағдарламасына кіретін «Әскери барлау үздіктері» байқауының іріктеу кезеңі өтуде. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Іріктеу кезеңінде өңірлік қолбасшылықтың намысын қорғау үшін Ақтау, Атырау және Ақтөбе гарнизондарынан 12 әскери қызметшіден 4 команда тартысқа түседі. Команда құрамына топ командирі, сапер, мерген, санитар, оқшашаршы, атқыш, гранатаатқыш, байланысшы, сондай-ақ резервтегі 2 әскери қызметші кіреді. Сайыс барысында барлаушыларға 5 шақырымдық жүгіру орындауға, «Барлаушының соқпақ жолы» кедергілер кешенінен өтуге, ЖӘЖМ жүргізу машықтарын паш етуге және әртүрлі кіріспе міндеттерді пысықтауға, оның ішінде, шартты қарсыласқа торуыл ұйымдастыруға тура келеді», - деп атап өтті министрліктен.


null 

Айта кетейік, барлық кедергілерді әскери қызметшілер толық киім-кешекте еңсерулері тиіс. Оның салмағы - шамамен 25 кг. Бұл қару-жарақ, мина-жарылғыш және инженерлік құралдар, киім және медициналық мүлік, сондай-ақ бір тәуліктік құрғақ азық. Биыл «Әскери барлау үздіктері» халықаралық байқауы Үндістанның Джайсалмер қаласында өтеді.



null 

null 

 

 

 

Жоғары қарай