Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Теннис: Кукушкин Марсель турнирінің финалына шықты

2019 жылдың 23 ақпан 2019 22:34

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 50-ракеткасы Михаил Кукушкин Марсель (Франция) турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 75-ракеткасы, франциялық Уго Умбермен кездесті.

Бірінші партияда У.Умбер доп берген кезде гейм тартысты өрбіді. Есеп 1:1 болғаннан кейін М.Кукушкин брейкпен алға шықты. Ақыры сол басымдылығынан айырылған жоқ - 6:4.

Екінші сет те дәл сол есеппен аяқталды - 6:4.

Бір сағат 34 минутқа созылған бәсекеде қазақстандық спортшы үш эйс жасады және соншама брейкке қол жеткізді. Умбер 9 эйс жасағанымен, бір ғана брейкпен шектелді.

Теннисшілер кортта алғашқы рет шеберлік байқасты.

М.Кукушкин финалда осы турнирдің бірінші ракеткасы болып тіркелген, дүниежүзілік рейтингте 12-орындағы грекиялық, 20 жасар Стефанос Циципас немесе бельгиялық Давид Гоффеннің (рейтингте 24-сатыда) бірімен бас жүлде үшін таласады. Бұлардың қай-қайсысы да мықты қарсылас екендігі анық.

Жарыстың жүлде қоры 744 010 еуроны құрайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын М.Кукушкиннің рейтингте ТОП-50-ге енгенін және Марсель турнирінің екінші айналымына, сосын ширек финалына және жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай