Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

6 қап марихуана сақтаған екі ақтаулық 10 жылға сотталды

2019 жылдың 23 ақпан 2019 19:26

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау қаласы «Промзона» өндірістік аумағында 2 азамат көлікте 6 қап мариxуана сақтаған, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

О. және К. есімді азаматтардың «Mersedes Benz» автокөлігінің жүксалғышы мен салонынан ірі мөлшерде марихуана есірткі заты салынған 6 қап алынған. Оның ішінде 139 кг 295 гр есірткі болған.

Аталмыш қылмыстық іс Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Кеше ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігінің 1, 3- тармақтары («Алдын ала сөз байласқан адамдар тобы болып аса ірі мөлшердегі есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз сақтау») бойынша сот үкімі шықты.

Сот шешімімен О. және К. кінәлі деп танылып, әрқайсысына 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.


Иллюстрациялық фото

Жоғары қарай