Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

«Тұмар» ұлттық телевизиялық байқауына өтінімдер қабылдау басталды

2019 жылдың 23 ақпан 2019 10:28

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесіне өтінімдерді қабылдау басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат жобаны ұйымдастырушыларға сілтеме жасап.

Телевизиялық өнер саласындағы жоғары жетістіктері үшін берілетін «Тұмар» ұлттық телевизиялық сыйлығын салтанатты түрде тапсыру рәсімі 2019 жылғы 20 наурызда «Қазмедиа орталығының» Киноконцерт залында өтеді. Конкурс осымен үшінші мәрте ұйымдастырылмақ.

Айта кетсек, байқауға қатысуға бірегей телевизиялық жобалар жіберіледі. Сыйлық алуға ұлттық және аймақтық телевизиялық хабар тарату компаниялары, студиялар, продюсерлік орталықтар және телевизиялық контентті өндіретін медиа индустрияның басқа да ұйымдары қатыса алады.

Конкурстық өтінімдерді қабылдау 2019 жылғы 22 ақпанда басталды және 2019 жылғы 10 наурызда сағат 18:00-де жабылады.

Еске сала кетсек, «Тұмар» телевизиялық бәйгесіне қатысуға 2018 жылы 397 конкурстық өтінім қабылданды. Сондай-ақ, «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің номинанттары анықталды.

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: БАҚ, КАЗМЕДИА,
Жоғары қарай