Ауа райы
Нұр-Сұлтан 7 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 378.56
EUR 424.44
RUB 5.91
CNY 56.36

Білім беру жүйесін өзгерту керек пе

2019 жылдың 21 ақпан 2019 18:44 1273

АСТАНА. ҚазАқпарат - Смартфон баланың есте сақтау қабілетіне де, ақпаратты қабылдауына да әсер ететіні белгілі. Бірақ осындай өзгерістерге орай білім беру жүйесі өзгерістерді қажет ете ме? ВВС басылымы осы сұраққа жауап іздеп көріпті.

«Қазіргі оқушылардың проблемасы - олар смартфондағы қосымшаларға үйреніп алғаны сонша, жан-жақтарына елеңдеп отыратын болған. 10 - 24 жас аралығындағы Z ұрпақ пен 0 - 9 жас аралығындағы Альфа ұрпақ туа сала технологиялармен етене жақын өсті. Бұл дәстүрлі білім жүйесінің жаңа заманға бейімделу керектігін көрсетсе керек», деп жазады басылым.

Автордың пікірінше, мидың ерте дамуы соңғы бірнеше жылда өте көп зерттелген тақырыпқа айналған. Оның ішінде смартфонның баланың миына әсері туралы зерттеулер өте көп.

«Технология, әлеуметтік желі, Интернетке қосылудың оңай қолжетімділігі мен смартфондар балалардың кейбір қабілеттеріне кері әсер ететінін көптеген зерттеулер көрсетті. Балалардың ойлау жүйесі де, мидың дамуы да өзгерді. Бұл жағдайды ұстаздар да байқап отыр», деп жазады автор.

«Бұл - үлкен проблема. Мысалы, 12-14 жастағы балалар сабақ үстінде тек 28 секунд тыныш отыра алады», депті Филадельфия мектептерінің бірінде сабақ беретін Лаура Шад.

Ұстаздардың айтуынша, қазір оқушылар іш пыстыратын ұзақ мәтіндерді оқып отырғысы келмейді.

«Дәстүрлі білім беру жүйесін өзгерту керек пе деген сұрақты қазір өте жиі естуге болады. Дегенмен, көп мамандар аралас сабақ түрін ұсынады. Яғни, жоғары технологияны дәстүрлі білім беру тәсілдерімен араластыру. Бастысы, ұстазбен байланыстың құны төмендеген жоқ.  Сол себепті ұстаздар өздерін дамытып, үнемі білімдерін жетілдіріп отыруы тиіс», дейді автор.

 

 

 

Автор: Айкүміс Болатбек
Басты сөздер: Әлем, Білім,
Жоғары қарай