Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Футзал: Қазақстан құрамасы хорваттармен тең түсті

2019 жылдың 2 ақпан 2019 18:34

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футзалдан Қазақстан мен Хорватия құрамалары жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қос құрама осылайша 1-2 ақпан күндері екі мәрте кездесіп отыр. 1 ақпанда Қазақстан құрамасы хорваттарды 2:1 есебімен басым түсті.

Бүгінгі кездесу «Бағанашыл» спорт кешенінде өткізілді. Айта кетерлігі, «Қайрат» командасының қақпашысы Игита Қазақстан құрамасы сапында 50 мәрте алаңға шыққан.

Қос құрама соңғы екі ойынға дейін 2007, 2016 жылдарда өзара кездескен. 2007 жылы аталмыш құрамалар Еуропа біріншілігіне іріктеу кезңінде жолықты. Хорватияның Сплит қаласында өткенде кездесуде алаң иелері 5:1 есебімен жеңді. Одан кейін екі құрама 2016 жылы Еуропа біріншілігі финалдық кезеңінде шеберлік байқасты. Біздің жігіттер бұл жолы хорваттарды 4:2 есебімен жеңген еді.

Бүгінгі кездесуде қос құрамада гол соғатын біреше мүмкіндік болған еді. Әсіресе, алаң иелері осындай бірнеше сәтті мүлт жіберді. Осындай мүмкіндікті 38-минутта біздің құрамалан Дуглас та пайдалана алған жоқ. Кездесу 0:0 есебімен аяқталды.

Бұл Қазақстан құрамасының футзалдан 2020 жылғы әлем біріншілігі алдындағы дайындығы болып табылады. Біздің жігіттер ойынды негізгі кезеңнен бастайды. Ол 2019 жылдың 22-27 қазан күндері болады.

Естеріңізге сала кетелік, әлем чемпионаты 2020 жылдың 12 қыркүйек - 4 қазан аралығында Литва елінде жалауын көтереді.



Фото: kff.kz

Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай