Ауа райы
Нұр-Сұлтан 25 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 378.83
EUR 430.99
RUB 6.04
CNY 55.05

Алматыда ауыл жастарының форумы өтті

2019 жылдың 2 ақпан 2019 18:15 1188

АЛМАТЫ. Қазақпарат - Алматыда ауыл жастарының республикалық форумы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Форум   «Ауыл» халық демократиялық партиясының бастамасымен ұйымдастырылды. Іс-шараға спорт, білім, ғылым, ауыл шаруашылығы саласында жетістікке жеткен 300-ге жуық жас қатысты. Жиын барысында аграрлық сала мамандарын жұмыспен қамту, ауыл жастарын мемлекеттік бағдарламаға тарту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, ауыл жастарының ұсынысы тыңдалды.

«Ерікті ретінде жұмыс жасап жүріп бір нәрсені аңғардым. Ауыл жастары қалаға келген соң көп қиындықтарға тап болады. Сондықтан Қазақстандағы ірі қалаларда орналасқан ЖОО-ларда бейімделу орталықтарын ашу туралы идея түсті. Өйткені жастар үлкен қалада радикалды діни топтардың ықпалына немесе басқа да деструктивті бағыттарға кетіп қалуы мүмкін. Оларға бейімделуге кәсіби социологтар мен психологтар көмек көрсететін болады», - деді «Ауыл» партиясының Астанадағы жастар қанатының төрайымы Айым Беркімбаева.

Оның айтуынша, еріктілер қозғалысы жастардың патриотизм сезімін оятып, моральдық құндылықтарға тәрбиелейді.

Айта кетейік, 23 қаңтарда Нұрсұлтан Назарбаев жастар жылын ашқан болатын. «Ауыл» партиясы Мемлекет басшысының бастамасын қолдап, ауыл жастарын Елбасы қойған міндеттерді орындауға шақырды.

 

 

 

Жоғары қарай