Ауа райы
Нұр-Сұлтан 16 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Астанада аударылған автобус: екі жолаушы ауруханаға жеткізілді

2019 жылдың 2 ақпан 2019 16:46 1222

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана полиция департаменті аударылған жолаушылар автобусына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

«Кеше Қабанбай батыр даңғылында болған жол-көлік апатына қатысты тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Алдын ала мәлімет бойынша, «Skoda Yeti» көлігінің жүргізушісі Қабанбай батыр даңғылымен келе жатып, оң жақтағы стадион автотұрағына бұрылатын кезде №303 маршруттық автобусымен соқтығысып қалған. Автобус қоғамдық көлікке арналған жолақта, көлікпен бір бағытта келе жатқан» делінген ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Департаменттегілердің сөзінше, қақтығыстан кейін автобус пен көлік жол шетіндегі жыраға құлап кеткен. Құлап бара жатып «Skoda Yeti» көлігі жол белгісін соғып өткен. 

«Жол апаты салдарынан жарақат алған көлік пен автобустың 25 және 54 жастағы екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Полицейлер көлік жүргізушілерін жол ережесін сақтауға шақырады», - деп қосып өтті ПД баспасөз қызметіндегілер. 

 

 

Автор: Жанат Қапалбаева
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Оқиға,
Жоғары қарай