Ауа райы
Нұр-Сұлтан 22 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Кукушкин Қазақстанды Дэвис кубогының финалына алып шықты

2019 жылдың 2 ақпан 2019 16:28 1254

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Қазақстан мен Португалия арасындағы Дэвис кубогының бірінші раунд матчы аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «SPORTINFORM»-ға сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, кеше Қазақстан құрамасы Александр Бублик пен Михаил Кукушкиннің жеңісінің арқасында 2:0 есебінде алға шыққан болатын.

Жұптық сында Александр Недовесов пен Тимур Хабибуллин Жоау Соуза және Гастао Элиаспен кортқа шығып, жеңіліп қалды.

Шешуші кездесуде Қазақстан командасының лидері Михаил Кукушкин Жоао Соузаны 6:4, 6:1 есебімен жеңіп, жалпы матчта жеңіс сыйлады. Сонымен Португалияны 3:1 есебімен жеңген Қазақстан Дэвис кубогының финал кезеңіне шықты.

Турнирдің негізгі кезеңі маусым соңында үш апта бойы Испанияның Мадрид қаласында өткізіледі.  

 

 

Басты сөздер: Спорт, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай