Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Көкнәрді тиынға жапсырып, шекарадан алып өтпек болған қазақстандық қолға түсті

2019 жылдың 2 ақпан 2019 20:20

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай шекара жасағының «Қайрақ-авто» бөлімшесінде Ресейге бет алған 49 жастағы қазақстандық ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат шекара қызметіне сілтеме жасап.

«Өткен түні шекарашылар арнайы үйретілген Мая атты қызметтік иттің көмегімен «Вольво» жүк көлігімен елімізден Ресейге жол тартқан 49 жастағы қазақстандықты ұстады. Азаматты жеке алып шығып, тексеру барысында оның құжаттар салынған папкасынан қою-жасыл түсті, иісі көкнәр ұрықтарына ұқсайтын, өсімдік текті түйіршіктермен жапсырыла көмкерілген 100 теңгелік монеталар табылды» делінген хабарламада.

Ұсталған азамат айғақ затымен бірге Қарабалық аудандық полиция бөліміне тапсырылды.

Жоғары қарай