Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

Қазгидрометтің 2 ақпан күнгі ауа райы болжамы

2019 жылдың 2 ақпан 2019 09:15

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2 ақпан күні Қазақстанның батысында және солтүстігінде фронталды ағымдардың өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауады. Республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз ашық ауа райы күтіледі. Кей өңірлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, екпінді жел сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі. Костанай, күндіз Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында түнде қатты аяз тұруы мүмкін.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман мен көктайғақ болжанады. Жамбыл, Қызылорда облыстарының жекелеген аумақтарында желдің екпіні 15-20 м/с артады.

Түркістан, Атырау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Түркістан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Павлодар облысында күндіз бұрқасын болады.

Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай