Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 384.39
EUR 431.71
RUB 6.11
CNY 55.88

«Келінжан» комедиялық телехикаясын Youtube-те қарағандар саны 1 миллионнан асты

2019 жылдың 30 қаңтар 2019 22:21 2528

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Келінжан» комедиялық телехикаясы Youtube видеохостингінде 1 млн мәрте көрілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

«Келінжан» телехикаясы қазақ сериалдарының тарихында екі апта ішінде Youtube желісінде 1 000 000 қаралым жинады», - деп жазады «Хабар» агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ринат Кертаев Инстаграмдағы парақшасында.

Еске сала кетсек, «Хабар» телеарнасында көрсетілетін «Келінжан» комедиясы ауылда енесімен бірге тұрып жатқан үш келіннің өміріндегі оқиғаларды көрсетеді.

Телехикаяның режиссері Ернар Нұрғалиев. Сериалдағы рөлдерді Сара Амангелдиева, Дәулет Өсербаев, Лейла Бекназар-Ханинга, Дариға Бадықова, Нұргүл Мыңғатова, Рүстем Жаныаманов, Назар Сұлтанбаев және басқалары сомдаған.   



Бейнебаян скриншоты

Басты сөздер: Интернет, БАҚ, Мәдениет,
Жоғары қарай