Ауа райы
Астана 32 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

Қорғаста иесіз жатқан «алтын инелер» табылды

2019 жылдың 30 қаңтар 2019 23:09 1130

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қорғас шекара жасағының аумағындағы Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығын шолып жүріп, шекарашылар Қазақстанға қарай шыға берісте жалпы салмағы 45 кг-ға жуық иесіз заттар тауып алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат  ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл жолы табылған заттар әдеттегідей дәрі-дәрмек емес, бірақ қытай ем-домына керек-жарақ дүниелер екен. Атап айтқанда - ыстық балауыз, сонымен бірге, «алтын инелер». Жүктің 10 кг-ға жуығы бас жуатын сабынсулар болып шықты.

Табылған заттар актіленіп, Алтынкөл кеден бекетіне тапсырылды.

Сондай-ақ Петропавл шекара жасағының «Қарақоға-авто» өткізу бөлімшесінде 2003 жылы шығарылған «Субару Легаси» автокөлігімен Ресейден келе жатқан 1987 жылғы қазақстандық ұсталды. Бұған себеп - автокөліктің ұрланғандығынан хабар беретін белгілер. Дәлірек айтсақ, шанақ нөмірінің тіркеу туралы куәлікте көрсетілген мәліметтермен сәйкес келмеуі. Ұсталған азамат автокөлігімен бірге М. Жұмабаев ауданының полиция бөліміне тапсырылды.

 

 

Жоғары қарай