Ауа райы
Нұр-Сұлтан 16 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 379.59
EUR 429.43
RUB 5.91
CNY 56.58

ҰҚК Шымкент базарларында арнайы операция жүргізді

2019 жылдың 24 қаңтар 2019 20:49 1105

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттің полицейлері ҰҚК департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, «Shymkent Tulpar» және «Нипа» базарларында арнайы операция өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот санкциясымен сауда орындары қоршауға алынды. Арнайы операция  кезінде  елімізде тыйым салынған діни әдебиеттер табылған. Оның ішінде салафит мазмұны бар, сондай-ақ электронды ақпарат тасығыштардың айтарлықтай саны тәркіленген.

«Болжамы бойынша, салафизм ағымын жақтаушылар жоғарыда аталған базарларда деструктивтік әдебиетті таратумен айналысқан. Тергеу шаралары жүргізілуде», - делінген хабарламада. 

 

 

Жоғары қарай