Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

Қызылордалық спортшы Азия чемпионы атанды

2019 жылдың 23 қаңтар 2019 18:24 1527

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық Фараби Сауытбаев әмбебап жекпе-жектен өткен қысқы Азия чемпионатында алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Азия чемпионаты Өзбекстан астанасы - Ташкент қаласында өтті. Ол 65 келі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Жарыс барысында қарсыластарының барлығын тізе бүктірді. Қызылордалық спортшы  Ауғанстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген қарсыластарын жеңді.

Ф.Сауытбаев 1993 жылдың 19 қазанында Қызылорда облысы Арал ауданында дүниеге келген. Әмбебап жекпе-жектен Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ол былтыр әлем чемпионатында күміс жүлдегері атанған еді.

Қазіргі таңда №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде тәлім алады. Оның бапкері - Бауыржан Жүсіпов.

«Биыл 8-10 мамыр күндері Қызылорда қаласында әмбебап жекпе-жектен ел біріншілігі өткізіледі. Оған Фараби Сауытбаев және облыстан өзге де жастар қатысады», - деді әмбебап жекпе-жектен облыстың аға жаттықтырушысы Нұрбек Жармаханов.

Аталмыш додаға Азияның 10 елінен спортшылар келді. Қазақстан құрамасы командалық есепте 3-орыннан көрінді. 

 

 

Жоғары қарай