Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 388.49
EUR 427.26
RUB 6.06
CNY 55.32

Ақмола облысы мен Астана қаласында көктайғақ болады

2019 жылдың 20 қаңтар 2019 20:15

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 21 қаңтарда Ақмола облысы мен Астана қаласында көктайғақ болатыны жөнінде ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дүйсенбіде Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Оның жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. 21 қаңтарда Астана қаласында тұман, жолдарда көктайғақ болуы ықтимал.

Еске сала кетсек, Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланған болатын.

Синоптиктер Түркістан, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында және Өскемен мен Қостанай қаласында жел күшейіп, боран соғатыны және кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болатынын болжап отыр.

Жоғары қарай