Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
CNY 55.06

Аты аңызға айналған Пакьяо Бронерді тізе бүктіріп, титулын қорғап қалды

2019 жылдың 20 қаңтар 2019 13:10

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада штаты), MGM Grand аренасында жартылай орта салмақта титулдық жекпе-жек өтті. Онда әйгілі филиппиндік Мэнни Пакьяо (60-7-2, 39 КО) америкалық Эдриэн Бронермен (33-3-1, 24 КО) айқасты.

Пакьяо жекпе-жекке өзінің еншісіндегі WBA «тұрақты» белдігін тіккен болатын. 12 раундқа шақталған айқаста төрешілер бірауыздан Пакьяоны жеңімпаз деп таныды (117:111, 116:112, 116:112). Сонымен Пакьяо кәсіпқой рингтегі 61-жеңісіне қол жеткізді, ал Бронер төртінші рет сүрінді.

Еске сала кетейік, Пакьяоға осы жекпе-жек үшін кепілді 10 миллион доллар гонорар төленеді. Ал Бронер 2,5 миллионды қалтасына басады.

Айта кетерлігі, жерлесіміз Данияр Елеусінов (5-0, 3 КО) те жартылай орта салмақта өнер көрсетеді. Кәсіпқой бокстағы дебютін былтыр сәуірде тойлаған Данияр биыл титулдық жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр.

Автор Қанат Мәметқазыұлы
Басты сөздер: Бокс, Спорт,
Жоғары қарай