Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Қазақстандық көкпаршы Қырғызстанда «Көкпардың үздік ойыншысы» атанды

2019 жылдың 18 қаңтар 2019 22:03

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бішкек қаласында Қазақстан Ұлттық құрама командасының жəне «Əулие-Ата» командасының жас шабандозы Құрманбек Тұрғанбек «Көкпар ойынының Ұлы үздік ойыншысы» номинациясын жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2018 жылы Шолпан Атадағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының аясында көкпардан өткен жарыстың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командасының жəне «Əулие-Ата» командасының жас шабандозы Құрманбек Тұрғанбек «Көкпар ойынының Ұлы (үздік) ойыншысы» номинациясына ие болды. Спортшыға номинация бүгін, яғни 18 қаңтар күні Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласында табысталды», - делінген «Әулие-Ата» ат спорты клубының Инстаграм парақшасында.

Айта кетсек, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ұлттық құрама сапында Құрманбек шеберлігімен ерекшеленіп, ең көп салым (37 салым) салған үздік ойыншы атанды.

«Марапаттау рəсімінің ұйымдастырушылары мен Қырғызстан Республикасының «Көкбөру» федерациясына, қырғыз бауырларға «Əулие-Ата» командасы атынан алғысымызды білдіреміз. Ұлттық спортымыз ұлықталып, батыр ұлдарымыздың тақымы талмасын», - делінген ат спорты клубының парақшасында.


null


null


null

Еске сала кетсек, Қырғыз Республикасында өткен ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орын алған болатын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Бүгін 18 қаңтар күні Қырғызстан Республикасының астанасы Бішкек қаласында 2018 жылы Шолпан атада Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының аясында көкпардан өткен жарыстың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының жəне Əулие-Ата командасының жас шабандозы ҚҰРМАНБЕК ТҰРҒАНБЕК "Көкпар ойынының Ұлы (үздік) ойыншысы" номинациясына ие болды. Естеріңізге сала кетейік Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ұлттық құрама сапында Құрманбек шеберлігімен ерекшеленіп, ең көп салым (37 салым) салған үздік ойыншы атанған. Тақымың талмай, тек жеңістің биік тұғырынан көріне бер Құрманбек! Марапаттау рəсімінің ұйымдастырушылары мен Қырғызстан Республикасының Көкбөру федерациясына, қырғыз бауырларға Əулие-Ата командасы атынан алғысымызды білдіреміз. Ұлттық спортымыз ұлықталып, батыр ұлдарымыздың тақымы талмасын. ЖАРАЙСЫҢ ҚҰРМАШ!

Публикация от Әулие-Ата ат спорты клубы (@aulieata_kokpar) 18 Янв 2019 в 4:35 PST

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Қоғам, Спорт,
Жоғары қарай