Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

ҚР Мәдениет және спорт министрі Түркістанға келді

2019 жылдың 16 қаңтар 2019 19:33

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Түркістан қаласына арнайы келіп, археологтар және тарихшылармен кездесті.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени және «Отырар» мемлекеттік археологиялық қорық-музейін аралап көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министр сондай-ақ «Қазқайтажаңғырту» РМК-сы мен «Базиз-А» құрылыс компаниясының жұмыстарымен танысты.

Айта кетейік, бүгінде «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы мен қаланы түркі дүниесінің рухани астанасы ретінде таныту және тарихи орындардың төл келбетін сақтай отырып, жандандыру мақсатында қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан қолға алынған жоба бойынша Түркістан қаласындағы 88,7 гектар аумақта орналасқан орта ғасырдағы тарихи-мәдени мұра объектілерінің тарихи келбеті қайта жөнделмек. Ал, ағымдағы жылдан бастап «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты «Хан мешіті», «Хан ордасы», Күлтөбе қалашығы мен «Жеті ата», «Дарбаза», «Мүсәлла», «Тәкия» қақпаларында қайта жаңғырту жұмыстары басталмақ.




null




null

Осы ретте министр Арыстанбек Мұхамедиұлы тарихи орындар мен алдағы уақытта атқарылар жұмыстар бойынша пікір алмасып, бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Жоғары қарай