Ауа райы
Нұр-Сұлтан 15 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 378.65
EUR 430.07
RUB 6.00
CNY 55.10

2018 жылы Қазақстанда танымал болған автокөлік брендтері анықталды

2019 жылдың 15 қаңтар 2019 18:10 1483

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылы Қазақстанда жаңа көліктерді сатып алуға 1,5 млрд долларға жуық қаржы жұмсалды. Бұл туралы «ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«12 айда ресми дилерлер 57 919 автокөлік өткізіп, бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғы деңгейден 24,9 пайызға жоғары болды. Жалпы, өткен жылы еліміздің тұрғындары жаңа жеңіл көліктерді сатып алуға 496,6 млрд теңге жұмсап, бұл қаржы 2017 жылғы көрсеткіштен 35,8 пайызға артық болды», - делінген хабарламада.

Атап айтқанда, 2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда сұранысқа ие брендтердің алғашқы бестігінің көшін Lada (13 413 көлік сатылды) бастап тұр. Сатылған көлік саны бойынша екінші орында Toyota (12 278) тұрақтаса, үшінші орынға Hyundai (8 721) шықты. Сонымен қатар бұл бестікке KIA (2862 көлік) мен GAZ (2 650) брендтері де енді.

Белгілі болғандай, есепті кезеңде жеңіл көліктер рейтингінде Toyota Camry (4 761 көлік сатылды), жол талғамайтын Lada 4x4 (3 468) және Lada Granta (3 428) алға шығып, көбірек сатылды. Сондай-ақ бұл ТОP-5 модельдер қатарына Lada Vesta (2955) мен Hyundai Tucson (2 697) кірді.

«Өткен жылы жеңіл көліктерді сатып алу жағынан Алматы (15 524 көлік сатылды), Астана (10 438), Атырау (4 285), Шымкент (3 775), Қарағанды (3 575), Қостанай (3 514), Орал (2 574), Өскемен (2 414), Ақтау (2 328) және Ақтөбе (2 144) тұрғындары белсенді болды», - деп атап өтілген «ҚазАвтоӨнеркәсіп» мәліметінде.

 

Автор: Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Экономика, Көлік,
Жоғары қарай