Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Ақмола облысында алғаш рет жүректің ишемиялық ауруына диагностика жасалды

2019 жылдың 13 қаңтар 2019 18:06

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат-Ақмола облысының дəрігерлері корнография əдісі бойынша жүректің ишемиялық ауруына алғаш рет диагностика жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мəліметінше, жыл сайын 17,1 млн адам инфаркт жəне инсульттен көз жұмады. Осыған орай, еліміздің денсаулық сақтау саласы осы дертпен күресу бойынша жұмыстарды қолға алып отыр.

Өткен жылы Ақмола облысы əкімдігінің қолдауымен, денсаулық сақтау басқармасы General Electric компаниясының мультифункционалды ангиографиялық қондырғысын сатып алды. Ал желтоқсан айында Астанадағы №2 Ақмола облыстық ауруханасында жаңа қондырғы монтаждау жұмыстарынан өтті. Осылайша, ақмолалықтарға жүректің ишемиялық ауруына диагностика жасау қолжетімді жəне тиімді болып отыр.

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша 1 миллион адамның 3 мыңына осындай диагностика жасау қажет. Ал Астананың маңындағы елді мекендерде 190 мыңнан астам адамның тұратын ескерсек, оларға жылына 750 коронарография қажет.

Коронарография - жүрек тамырларын зерттейтін әдістердің ең тиімдісі болып саналады. Коронарография мамандандырылған операциялық бөлмеде рентген сәулелерінің бақылауымен жасалады. Ота жасаудың қарсаңында кешкілік тамақ пен сұйықтан бас тарту керек.

Зерттеу жергілікті жансыздандыру арқылы жүргізіледі. Хирург дәрігер кәріжілік немесе сандық артерияны тесіп, сол арқылы жүрекке жіңішке катетер жібереді. Катетер арқылы жүректің тамырларын толтыратын контрастық заттек кіргізіледі.

Рентгенде қан және оның тамырлардағы қозғалысы көрінбейді, ал рентгенконтрасты ерітінді қанмен араласып тек қана оны көрсетпей бүкіл коронарлық тамырдың ішкі пішінін көрсетеді, бұл дұрыс диагноз қоюға мүмкіндік береді.

Жақында Астанадағы №2 Ақмола облыстық ауруханасында алғашқы коронарография жасалды.

«Медициналық мекеме үшін қазіргі замаңғы мұндай қондырғының пайдасы зор. Мультифункционалды ангиографиялық қондырғы асқынған ми қан айналымының бұзылуын (инсульт) ерте анықтап, ем қабылдауына мүмкіндік береді», - дейді аурухананың бас дəрігері Рүстем Əлбаев.

Қазіргі кезде, №2 Ақмола облыстық ауруханасынында жалпы терапия, педиатрия, хирургия, травматология, гинекология, урология, сондай-ақ, жұқпалы аурулар жəне акушер-гинекология бөлімшелері жұмыс істейді.

Алдағы уақытта ауруханада стентграфт қондырғысын омырау жəне іш аортасы, жатыр қан тамыры эмболизациясы (жатыр миомасы), қуық асты безінің қабынуы сияқты аурларға енгізу жоспарланған.

Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Медицина, Ақмола облысы,
Жоғары қарай