Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 377.62
EUR 426.03
RUB 5.67
CNY 55.78

Қазақстандық жас боксшы әлемдік рейтингте 17 саты жоғарылады

2018 жылдың 16 желтоқсан 2018 11:12 11282

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (6-0, 6 КО) кәсіби мансабындағы алтыншы жеңісіне қол жеткізіп, танымал Boxrec.com сайтындағы рейтингінде өз орнын жақсартты, деп хабарлайды Sports.kz.

Эдмонтондағы (Канада) бокс кеші аясында Ахмедов бірінші раундта мексикалық Элиуд Мелендес Рочуді (14-11-2, 7 КО) нокаутқа түсірді. Бұл жеңіс Садриддиннің BoxRec рейтингінде 17 орынға көтерілуіне мүмкіндік берді - енді ол өз дивизионында 162-орынды иеленді. Бірінші орта салмақта оның отандасы Мадияр Ашкеев (10-0, 6 КО; 107-орын) пен Нұрсұлтан Жанғабаев (5-0, 4 КО; 138-орын) Ахмедовтен жоғары орында тұр.

 

 

Басты сөздер: Бокс, Спорт,
Жоғары қарай