Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Талдықорғанда қойылым кезінде құлаған акробаттың жағдайы туралы айтылды

2018 жылдың 19 тамыз 2018 15:50

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғандық көрермендерге өнер көрсетіп жатқан сәтінде биіктіктен абайсызда құлап кеткен 28 жастағы маманның жағдайы жақсы. Акробатшы қыздың дене мүшесіне зақым келмеген. Бүгін ол көрермендердің алдына қайта өнер көрсетуге шығады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жөнінде цирк әртісі Иван Щербаков агенттік тілшіне айтып берді.

«Кешегі жағдай расымен бәрімізді шошытты. Қойылым кезінде биіктен құлап кеткен қыздың есімі Дарья Верская. Ол Омскінің тумасы. 1990 жылғы қыз, өте тәжірибелі. Ол трюктарын көбіне қорғану белдігінсіз жасайды. Кеше құлап кеткенде ол техникалық жағдайдың барлығын білгендіктен, биіктіктін өзінен дұрыс құлаған. Дін-аман. Еш жеріне зақым келмеді. Бүгін кешкі сағат 19:00-де көрермендерге қойылым көрсетуге қайта шығады», - деді Иван Щербаков.

Талдықорғанда екі аптадан бері өнер көрсетіп жатқан Ресейдің «Шапито» әртістері бүгінгі қойылымнан кейін бірден Омскіге жолға шығатындарын айтты. Әртістердің барлығы сол өңірден екен. Ал алдағы уақытта Қарағанды облысына барып өнер көрсету жоспарларында бар.

Естеріңізге сала кетейік, бүған дейін Талдықорғанда циркте өнер көрсетіп жатқан акробат қыз көрерменнің көз алдында биіктен құлап кеткенін хабарлаған болатынбыз. Оқиға көрерменнің бірінің ұялы телефонына жазылып қалған.

Автор Самал Қабышева
Басты сөздер: Алматы облысы, Оқиға,
Жоғары қарай