Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 389.94
EUR 433.50
RUB 6.10
CNY 55.13

Алматы әуежайы тұрағының төлем тарифі көтерілді

2018 жылдың 23 шілде 2018 21:04

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әуежайы жанындағы автотұрақ тарифі өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы Халықаралық Әуежайы АҚ фейсбуктегі парақшасында мәлімденгендей, 2018 жылдың 3 шілдесінен бастап тұрақ құны өзгерді.

Ал Алматы Халықаралық Әуежайы АҚ маңында вокзалжанындағы ашық тұрақ құны өзгерген жоқ.

Вокзал жанындағы жабық тұрақ кешенінде тұрақ құны 300-2000 теңге көлемінде болмақ.

Ақы тұраққа ұзақтығына қарай есептеледі. Көлік 15 минут тұрса тұрақ тегін болмақ.

«Әуежай маңында жұмыс істейтін тұлғалар үшін тұрақ құны айына 36000 тг болады. 6 айлық төлем 180000 тг мөлшерінде. Бір немесе одан көп көлік қоятын ұйымдар 1 орынға 30000 тг төлейді. Жолаушылар терминалы иелері айына 1 тұрақ орнына 27000 тг төлейді. Жоғалған талонды қалпына келтіруге 500 тг төленеді», - делінген хабарламада.

Ал Майлин 1в мекенжайындағы тұраққа көлік қою үшін ұзақтыққа байланысты 200-1000 тг төлеуге тура келеді.

Алғашқы 15 минут тегін. Ал жоғалған талонды қалпына келтіру 1500 тг тұрады.

Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Көлік, Алматы,
Жоғары қарай