Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Өскеменде үшінші жыл қатарынан «Altai Invest» халықаралық форумы өтеді

2018 жылдың 23 шілде 2018 20:27

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат -26 шілдеде Өскеменде үшінші жыл қатарынан «Altai Invest-2018» халықаралық кәсіпкерлер форумы өтеді. Оған әлемнің 18 мемлекетінен делегаттар қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қытай, Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Иран сияқты 18 мемлекеттен жиналған 300-ден астам өкіл Шығыс Қазақстанның инвестициялық тартымдылығына баға бермек. Делегациялар құрамында әлемнің жетекші қаржы институттарының, дипломатиялық корпустардың, мемлекеттік органдардың өкілдері болады деп жоспарлануда.

«Форум кәсіпкерлер арасында тәжірибе алмасу, облыстағы бизнес ортаны жақсарту мәселелерін шешіп, өңірді дамытуға бағытталған үздік инвестициялық жобаларды ұсынуды мақсат тұтады. Шара аясында «В2В» форматындағы кездесулер ұйымдастырылмақ. Сондай-ақ, өзекті мәселелер бойынша роуд-шоу өткізіліп, инвестициялық жобалар көрмесі ұсынылады», - делінген кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының ақпаратында.

Шетелдік инвесторларға ұсынылатын жобалар өнеркәсіп, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, агроөнеркәсіптік кешен сияқты салаларын қамтымақ.

Форум қорытындысы бойынша бірқатар меморандумдар мен келісімдерге қол қою жоспарлануда.

Жоғары қарай